Жарияланды: 480

«Ең үлкен өкініш, Абайдың сынынан қазақ қорытынды шығарған жоқ» - республикалық басылымдарға шолу

«Халықтық ІРО» бағ­дар­ла­масы осындай ілгерілеуге із ашатын игі істердің бірі ретінде қабыл­дануда. Құнды қағаз­дар рыногына бірінші болып «Қаз­ТрансОйл» акционерлік қо­ғамы қадам басатынын естіп те, мерзімдік басылымдардан оқып та жүрміз. Шындығы керек, бұл мәселемен жалпы жұртшылық жете таныс деп те айта ал­май­мын. Кешегі Кеңес Одағы тарап, одақтас республикалар өз ал­дына егеменді ел болғаннан кейін бас көтерген әртүрлі қаржы

пира­ми­даларынан аузы күйіп қалған отан­дастарымыздың бұған ал­ғаш­қыда сенімсіздікпен қа­ра­ға­нын да жасыруға болмас. Мұны «Халықтық ІРО» бағдарламасын тү­сіндірудің кемшіндігінен де көруге болар, бәлкім. Дегенмен, бұл қайта­рым­ды бағдарлама деп ойлаймын. Әрине, тәуекелділігі де бар. Қар­жылы азаматтардың бұ­ған атса­лы­суы тек жеке ба­сы­ның бақуат­ты­лығын қамтамасыз етіп қана қой­майды, елдің да­муы­на үлес қосуға алғышарт жа­сай­ды»,-деп жазады «Егемен Қазақсан» бүгінгі санында. Құнды қағаздар мәселесіне арналып жазылған мақала «Халықтық инвестиция - экономикаға» деген тақырыппен беріліп отыр. Осы басылымның жазуынша, қазан айының соңғы күндерінде Парламент Мәжілісіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы енгізілген еді. Осыған орай кеше Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Байменов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, заң жобасындағы осы өзгерістер жөнінде әңгімелеп берді. «Баспасөз мәслихатын ашар­­дағы кіріспе сөзінде агенттік төрағасы Елбасы Н.Назар­баев­тың мемлекеттік қыз­мет сала­сына ұдайы ай­рық­ша назар аударып келе жатқанын айт­ты. Мемлекет басшысы 2011 жылдың шілде айында мемлекеттік қыз­мет­тің жаңа моделі тұжы­рым­дамасын бекіткен бола­тын. Жаңа заң жобасы, міне, осы құжатта берілген тапсыр­маларды жүзеге асыру мақ­сатында дайындалды. Өзі­нің сөзінде Ә.Байменов, со­ны­мен қатар, бұл заңның әзір­ленуіне Президенттің «Қа­зақстанның әлеуметтік жаң­ғыртылуы: Жалпыға Ор­тақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласының ықпалы аз бол­мағанын атап өтті. Себебі, мемлекеттік қызметке кадрлар іріктеуде меритократия қа­ғидат­тарын сақтау әлеу­мет­тік жаңғырту жолындағы басты құралдардың бірі бо­лып та­былады»,-деп жазады газет. Осы жайындағы материал басылымда «Кадр саясатын жүзеге асырудағы жаңа белес» атты тақырыппен жарияланып отыр. *** «Сенаторлар бір «құпия сырдың» бетін ашты. Қазақстанда мектеп салынады. Әу баста ол бойынша бір компания төмен бағасы арқасында тендерде жеңіске жетеді, алайда құрылысы ортасынан ауғанда, «материалдары қымбаттады, құрылысы күшейтілді» деп, мектепті салушы қосымша миллиондар талап етіп, қол жайып, отырып алады. Ел Үкіметі талай жыл бас қатырып, бұл кесірді қалай тыйю жолын білмей келген. Сөйтсек, оның кейбіріне Ташкент сәулетшілері «кінәлі» болып шықты! Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен Жоғарғы палатаның кешегі жалпы отырысында тағы бір елең еткізген ақпар айтылды: Қызылордада «Гитлердің бункері» салынып жатыр екен»,-деп жазады «Айқын» басылымы бүгінгі санында. Газеттің жазуынша, Үкіметтің Парламенттен «секреттері» көбейе бастады. Биік лауазымды шенеуніктер қалаулыларға жалаң заңды алып келеді де, оны айқындаушы материалдарды көрсетпейді. Олардың мазмұнын сұраса, түлкібұлаңға салып, айтпайды. Тықақтап сұраған депутаттарға: «Сіздің сұрауыңыз бойынша кейін жазбаша түрде ұсынамыз» деп жалтарады. Бір ғажабы, жоғары мансапты шенділер де­путаттардың осал жерлерін дөп басады. Осы жолы да олар «Қазақстанның Бюджеттік кодексіне өз­герістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасын Парламентке үш жылдық бюджет жобасымен қосақабат енгізген. Аталған заңға қатысты кеше сенаторлардың да көптеген қар­сылықтары туындады. Бұл жайында «Сенатор «Гитлер бункерін» салуға қарсы» атты мақалада жазылған. *** «Алаш айнасы» газетінде «Мигрантқа жайлы мемлекет» атану жақсы атақ па?» деген тақырыппен берілген мақалада Қазақ елі (Ресейден кейінгі) Орталық Азияның басқа елдерінен заңсыз түрде, тіркелместен келіп жұмыс істеп, күн көретін гастарбайтерлердің де отанына айналуға шақ тұр. Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметінше, Қазақстанда жарты миллионнан астам мигрант жан бағып жүр. Олардың үштен екісі Өзбекстаннан; 25 пайызы Қырғызстаннан; ал қалған мигранттар Тәжікстан және ТМД-ның тағы басқа елдерінен келген. Сөйтіп, былайынша айтсақ, халықаралық ұйымдардың есебінше, біз мигрантқа жайлы мемлекетпіз. Бұл ретте көршілес ТМД елдерінен келетін мигрант атаулы өздері үшін Ресейден гөрі Қазақстанның жайлы екенін; Ресейдегі «расизм» оларға жиі қауіп тудыратынын; сондықтан да олар үшін мәдениеті мен діні ұқсас Қазақ елінің аумағында жұмыс істеу өте қауіпсіз екенін де ашып айтуда. Бұған қатысты тағы да деректерге жүгінетін болсақ, бүгінде елімізге бір ғана Тәжікстаннан енетін жұмыс күшінің саны 100 мыңнан асып жығылыпты. Осы басылымның «Айтөбел-дат» айдарында Мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековпен болған сұхбат «Ең үлкен өкініш, Абайдың сынынан қазақ қорытынды шығарған жоқ» деген тақырыппен берілген. «Мемлекет құрылардың, Тәуелсіздік алардың алдында бас-аяғы бес жыл мемлекеттің идеологиясын басқарған адаммын. Менің санамда, ең алдымен, тұратыны - ұлттық идеология, ұлттық сана. Соны қалыптастыру, жастардың санасына құю, қанына сіңіру еді. Біздің конституциямыз - идеологиясыз конституция. Өйткені Елбасы алғашқы кезде «Біз алдымен халықты киіндіруіміз, тойындыруымыз керек. Одан кейін идеологияны қалыптастырамыз» деді. Ол да дұрыс шығар. Мен оған қосыламын. Бірақ қазір Құдайға тәубе! Етек-жеңіміз жиналып, өзге елдермен тереземіз теңелді. Бұл мемлекеттің өз идеологиясы болу керек деп ойлаймын. Ол идеология тек ұлттық идеология болу керек. Әйтпесе, қазір қарасаң, жастардың көбі қанша айтқанмен, қаншама сынағанмен, қаражат бөлгенмен мемлекеттік тілде сөйлемейді. Бұрын қалай сөйледі, сол қалыптасқан дәстүр жалғасып келе жатыр. Себебі не? Себебі, әңгіме баста деп ойлаймын. Ресми жиындарда өкіметтің түгелі мемлекеттік тілде сөйлеу керек» деген ой айтады М.Жолдасбеков.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін