Аталған марапатты Сивиге салалық мəдениет спорт жəне ақпарат қызметкерлерінің кəсіптік одағы тағайындаған, деп хабарлайдыStan.kz.
“Салалық мəдениет спорт жəне ақпарат қызметкерлерінің кəсіптік одағының шешімімен 2017 жылдың “Еңбек даңқы” төсбелгісіне мен ие болдым! Қолдауларыңызға көп рахмет! Мемлекет тарапынан берілген осындай атақтары алға қарай жүріп, одан əрі шабыттандыра түседі. Алла қаласа 2018 “Еңбек даңқы” төсбелгісін заң бойынша мен тағайындайды екем. Көп рахмет!” – деп бөлісті Сиви инста-парақшасында.
Википедия энциклопедиясының мәліметіне сүйенсек, “Еңбек даңқы” төсбелгісі өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен материалдық өндіріс салаларына еңбегі сіңген Қазақстан азаматтарына берілетін мемлекеттік награда. Мәдениет саласына өзіндік үлесін қосып жүрген Сивиге бұл марапаттың не үшін берілгені белгісіз. Мұны желі оқырмандары да түсінбей дал.