Еңбек инспекциясы: «Арселор Митталдың» жұмысшылар жалақысын 25 пайызға қысқартуы-заңсыз» - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еңбек инспекциясы: «Арселор Митталдың» жұмысшылар жалақысын 25 пайызға қысқартуы-заңсыз»

Еңбек инспекциясы: «Арселор Митталдың» жұмысшылар жалақысын 25 пайызға қысқартуы-заңсыз»

Мемлекеттік еңбек инпекциясы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының жұмысшылар жалақысын 25 пайызға қысқартуын заңсыз деп тапты. Алайда өндіріс алпауыты құзырлы органның нұсқауымен келіспей, сотқа шағымданып жатыр.

  • 14 Тамыз 2015
  • 243
Фото - Caravan.kz

Еңбек инспекциясы еңбек туралы заңнын «жұмыс берушінің акті» бөліміндегі баптардың өрескел бұзылғанын анықтапты. Осы себепті, 1 тәуліктің ішінде айлықты қысқарту туралы бұйрықтың күшін жоюды тапсырған. Ал «Арселордың» басшылығы компанияның бәсекеге қабілетін жоғалтпауы үшін амалсыз осы қадамға барғандарын айтудан жалығар емес. Дағдарыс салдарынан тірлігіміз  шатқаяқтап қалды деген компания жұмысшы санын қысқартудан гөрі, жалақыны азайту тиімді дейді. Сондықтан құзырлы органның нұсқауымен келіспей, сотқа шағымданған. Ал нұсқаудың орындауын талап еткен мелекеттік еңбек инспекциясы да компанияға қарсы сотқа арыз түсірді. 

Ерболат Дүсіпов, Теміртау қалалық еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің жетекшісі:    

—  Екі жақ та бір-біріне қарсы сотқа шағымданып жатыр. Жақын күндері процестер басталады. Біз болсақ, сот тергеуі кезінде компания жалақы төңірегінде ешқандай әрекет жасамауын талап етеміз. Бұл шешімді тек судья ғана қабылдайды.  

Соңғы жаңалықтар