Еңбек министрлігі еліміздегі зейнетақы жүйесін 2005-2006-жылдарға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасын 1-ақпанға дейін әзірлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еңбек министрлігі еліміздегі зейнетақы жүйесін 2005-2006-жылдарға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасын 1-ақпанға дейін әзірлейді

Еңбек министрлігі еліміздегі зейнетақы жүйесін 2005-2006-жылдарға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасын 1-ақпанға дейін әзірлейді

ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі еліміздегі зейнетақы жүйесін 2005-2006-жылдарға дейін дамыту тұжырымдамасының жобасын 2004-жылдың 1-ақпанына дейін әзірлеуі тиіс. Бүгін, 29-желтоқсанда өткен үкімет отырысында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов осындай тапсырма берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 29 Желтоқсан 2003
  • 522
Фото - Caravan.kz

Осы орайда үкімет басшысы Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауын мемлекет басшысы алдағы жылдың сәуір айында ортаға салатынын, онда зейнетақы жүйесін дамыту мәселесіне де тоқталатынын еске салды. Осыған байланысты, Д.Ахметовтың айтуынша, «зейнетақы төлемдерінің тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған барлық есептер 1-ақпанға дейін аяқталуы тиіс».

Үкімет басшысының атап көрсетуінше, Елбасының тапсырмасымен бюджеттік комиссияның таяудағы отырысында әскери қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру мәселесі қаралады. Ондағы мақсат- 2005-жылғы бюджетте аталмыш мақсатты жүзеге асыруға қажетті қаржы көздерін қарастыру болмақ.
Жалпы алғанда, Д.Ахметовтың атап көрсетуінше, «үкіметтің барша іс-қызметі халықтың әлеуметтік мұң-мұқтажын шешуге бағытталады».

Соңғы жаңалықтар