Еңбек қорғауға бөлінетін ең көп қаржының үлесі мұнай өндіру өнеркәсібіне тиесілі - Сапарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еңбек қорғауға бөлінетін ең көп қаржының үлесі мұнай өндіру өнеркәсібіне тиесілі - Сапарбаев

Еңбек қорғауға бөлінетін ең көп қаржының үлесі мұнай өндіру өнеркәсібіне тиесілі - Сапарбаев

Алматы. 10 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Еңбек қорғауға бөлінетін ең көп қаржының үлесі мұнай өндіру өнеркәсібіне тиесілі. Бұл туралы бүгін Алматыда "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - 2008" тақырыбындағы форумда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 10 Қыркүйек 2008
  • 549
Фото - Caravan.kz

«Жекелеген салалардағы жағдайды алып қарайтын болсақ, еңбек қорғауға бөлінетін ең көп қаржының үлесі мұнай өндіру өнеркәсібіне тиесілі. Бұл салада бір жұмыскерге жылына 210 мың теңге бөлінсе, тау-кен-металлургиясы өнеркәсібінде бұдан біршама аз — 65 мың теңге, ал құрылыс саласында небәрі 5 мың теңге жұмсалады. Тиісінше, еңбек қорғауға қаржы жұмсалмайтын салаларда жарақаттану оқиғалары жиі кездеседі», -деді Б. Сапарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар