Еңбекті қорғау саласында елеулі өзгерістер болады деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еңбекті қорғау саласында елеулі өзгерістер болады деп күтілуде

Еңбекті қорғау саласында елеулі өзгерістер болады деп күтілуде

Осы уақытта Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан Еңбек кодексіне енгізілген түзетулерге өзгерістер енгізуге қатысты заң жобасы күшіне енетін болса, еңбекті қорғау саласында елеулі өзгерістер болады деп күтілуде.

  • 7 Маусым 2011
  • 450
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова Астанада «Еңбек заңнамасын жетілдіру» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысында мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, осы уақытта халық қалаулыларының қарауында жатқан құжат еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласы бойынша жұмыс беруші мен қызметкерлердің өкілдерінен тұратын еңбекті қорғау жөніндегі бірлескен комиссиялар құруды қарастырады. Сондай-ақ құжатта жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мен өндірістік жарақаттар бойынша есеп жүргізу мерзімін анықтау мәселесі қарастырылған. Бұған қоса заң жобасы зиянды еңбек жағдайында істейтін қызметкерлерге қысқартылған жұмыс уақытының, қосымша жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығын және жалақының арттырылған мөлшерін өзгерту тәртібін регламенттейді.

Отырыс барысында заң жобасына енгізілген осы тектес өзгерістер жөнінде баяндаған Г.Әбіхалықова Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдіре келе, «заң жобасын қарау кезеңінде сіздердің ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңыздың көмегі зор болды. Осылайша, заңнамада «жалғызілікті ана» деген ұғым бекітілді, бұл Еңбек кодексінің тиісті ережелерін біркелкі қолдануға мүмкіндік береді. Бұған қоса, Кодекстің заңсыз ереуілдер өткізуге байланысты мәселелерін реттейтін ережелері де жетілдірілді. Қашықтықтан жұмыс істеу кезінде еңбекті реттеу ерекшеліктері енгізілетін болды. Бұл, халықты жұмыспен қамту мәселесіне оң ықпал ететіні сөзсіз»,-деп атап көрсетті министр.

Соңғы жаңалықтар