«Еңсеру» оңалту орталығы ерекше қажеттіліктері бар жастар үшін қалай жұмыс істейді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Еңсеру» оңалту орталығы ерекше қажеттіліктері бар жастар үшін қалай жұмыс істейді

«Еңсеру» оңалту орталығы ерекше қажеттіліктері бар жастар үшін қалай жұмыс істейді

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарды паралимпиада спортына тарту – қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Спорт физикалық жағдайды нығайтуға және сақтауға көмектесіп қана қоймайды. Оған қоса, адамның әлеуметтенуіне және шексіз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектеседі. Осы мақсатта Қостанайда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерге арналған «Еңсеру» оңалту орталығы құрылды.

  • 23 Ақпан 2022
  • 30
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірақ бір кездері мұндай орталық құру жай ғана идея болатын. Оны жүзеге асыруға Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранты «Қостанай облысының Паралимпиадалық спорт түрлері федерациясы» қоғамдық бірлестігіне көмектесті. Оңалту орталығының авторлары грантқа 2020 жылы Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінің нәтижесінде қол жеткізді.

Осы уақыт ішінде Орталықта мүмкіндігі шектеулі балалар ғана емес, олардың аналары да көмек алды. Олар үшін психологиялық кеңестер, тренингтер, релаксация курстары өткізілді.

«Үміт-Надежда» мүгедектер қоғамының базасында орналасқан «Еңсеру»  орталығы толық жабдықталған спорт залы, әлеуметтік бағдарлау кабинеті, компьютерлік сынып, көп функционалды массаж креслосы бар медициналық кабинет. Орталықта кәсіби нұсқаушылар жұмыс істейді.

Анастасия Мырзабекова – туғанына І топтағы мүгедек. Ол орталық қызметінің арқасында арбада билеу атты әдемі спорт түрімен айналыса бастады.


– Қалалық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрмін. Достарыммен кездесу үшін орталыққа жиі келемін. Мұнда мұнда әртүрлі ойындар ойнаймыз, театрландырылған қойылымдар қоямыз. Қаламызда осындай орталықтың пайда болуы – үлкен бақыт, – дейді Анастасия.

Олар жастарға спортпен айналысуға қолдау көрсетіп ғана қоймайды. Сонымен қатар, күнделікті өмірде өзін-өзі күту негіздеріне – мүгедектер арбасынан және арқасынан ауыстыру, жорғалау, өз денесін басқару, мүгедектер арбасын жүргізу және т.б. әрекеттерді істеуге үйретеді.

Федерация алдағы уақытта «Еңсеру» орталығына баратын балалар үлкен спорт алаңдарында өз қабілетін көрсетеді деп сенеді.