Жарияланды: 410

ENRC Тобына кіретін «ЕЭК» АҚ жылды жоғары өндірістік көрсеткіштермен аяқтамақ

ENRC Тобының құрамына кіретін «Еуроазиялық энергетикалық корпорациясы» (ЕЭК) АҚ жылу электр стансасы ұжымы электр энергиясын өндіру жоспарын мезгілінен бұрын орындады.

Өндірісшілердің айтуынша, 2012 жылдың қорытындылары бойынша ұлғайту 300-350 млн кВт/с құрады. Корпорация жаңа жылды жоғары өндірістік көрсеткіштермен қарсы алмақ, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен. «Өндіру көлемінің ұлғайтылуы ең алдымен, электр энергиясын тұтыну көлемімен байланысты. «ЕЭК» АҚ электр энергияны тұтынушылар үйлеріне, еліміздің өнеркәсіптік орындарына тұрақты түрде беріп отырады. Биылғы қыс өте қатал болғандықтан, электр энергиясын тұтыну көлемі ұлғайтылды. Жоспардың орындалуы - компанияның әр қызметкеріне байланысты екені сөзсіз. Кәсіпорында тәулік бойы жұмыс қызуда», - дейді электр стансасының бас инженері Владимир Фенев. Компанияда қуатты ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілу үстінде. Ол үшін Ақсу жылу электр стансасында 8 энергоблок бойынша ауқымды қайта құру бағдарламасы іске асырылып, энергоблоктардың кешенді жаңғыртылуы жүргізіледі. Бүгінгі таңда, № 6 энергоблоктың қайта құру жұмыстары жасалып жатыр. Бұл шараға «ЕЭК» АҚ 265 млн долларға жуық қаражатты жұмсап отыр. Аталмыш жұмыстардың нәтижесінде Ақсу жылу электр стансасының қуаты 2 425 МВт-ты құрайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін