ENRC-ді Лондон биржасынан ығыстырып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ENRC-ді Лондон биржасынан ығыстырып жатыр

ENRC-ді Лондон биржасынан ығыстырып жатыр

ENRC корпорациясының басқаруындағы дағдарысқа байланысты оны Лондон биржасынан ығыстырып жатыр, деп хабарлайды IzRus интернет-порталы.

  • 30 Маусым 2011
  • 483
Фото - Caravan.kz

«Холдингтің басшылығындағы дағдарысқа қатысты қосымша мәліметтер жария болды. 28 маусымда Radio Free Europe қазақстандық қызметі Financial Times басылымына сілтеме жасап хабарлағандай, ENRC директорлар кеңесіндегі қайшылықтар соңғы жарты жыл бойы өршіп келді. Холдингтің акцияларын Лондон қор биржасына орналастыруға қатысқан белгісіз банкир «директорлар кеңестің жұмысқа қабілетсіздігі туралы 2009 жылы білген» деген. The Daily Telegraph газетінің хабарлауынша, Ұлыбританияның Қаржы қызметтері басқармасы «биржаға ENRC акцияларын орналастыруды қайта қарау туралы кеңестердің астында қалды», — делінген порталда сәрсенбі күні жарияланған ақпаратта.

Александр Машкевичтің бизнесінің негізі болып табылатын ENRCтау-кен холдингінің «басқаруында күрделі дағдарыс орын алған». 8 -10 маусым аралығында корпорацияның директорлар кеңесінен бірден 4 адам кеткен. Ресми мәліметтерге сәйкес, оның екеуі «топтағы корпоративтік басқаруға қатысты дауға байланысты» кеткен.

Сонымен қатар, ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің басшысы Эдуард Өтепов та директорлар кеңесінің құрамынан шығып кеткен. 14-і күні холдингтің заң бойынша кеңесшімі Рандал Баркер қызметінен кетті.

«Оның (А. Машкевичтің — ҚазТАГ) Еуроазиялық еврейлер конгресінің аясындағы қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауына осы жағдай себеп болған сияқты», — деп хабарлайды IzRus.

Eurasian Natural Resources Corporation PLC хром, марганец және темір кендерін өндірумен және қайта өңдеумен; ферроқорытпаларды балқытумен; алюминий тотығын алу үшін, алюминий өндірісі үшін бокситтерді өндірумен және қайта өңдеумен, мыс және кобальт өндірісімен; көмір өндірумен, электр қуатын өндірумен, өнімді тасымалдаумен және сатумен айналысады.

Топтың өндірістік активтері негізінен Қазақстанда орналасқан, Bahia Minerals BV кәсіпорнында (BML, Бразилияда темір кенін барлау жобасы), Ресейде Серов ферроқорытпа зауытына, Қытайда Xinjiang Tuoli Taihang Ferroalloy Company 50% иелік етеді. Негізінен Африкада орналасқан мыс пен кобальт өндірісіндегі активтері бар — Central African Mining and Exploration Company (CAMEC) және Chambishi Metals Plc.

Акционерлері — «Қазақмыс» корпорациясы (26%), А. Машкевич (14,59%), Алиджан Ибрагимов (14,59%), Патох Шодиев (14,59%), ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (11,7%), бірқатар институционалды инвесторлар мен компаниялар.

Холдинг объектілерінде 70 мыңнан аса адам, оның 65 мыңы Қазақстанда жұмыс істейді.

2010 жылы корпорацияның кірістері $6,6 млрд-тан асты (2009 жылы – $3,83 млрд). Британдық MF Global компаниясының сарапшысы Д. Кэйвтың мәліметтеріне сәйкес, ENRC табысының жартысына жуығын Қазақстанда феррохором өндіруден тауып отыр.

Соңғы жаңалықтар