ЕО елдері 120 мың босқынды қабылдауы ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕО елдері 120 мың босқынды қабылдауы ықтимал

ЕО елдері 120 мың босқынды қабылдауы ықтимал

Еуропалық парламент бейсенбіде Еурокомиссияның 150 мың босқындарды Еуроодақ елдері бойынша бөлу туралы ұсынысын қолдады. 

  • 18 Қыркүйек 2015
  • 398
Фото - Caravan.kz

ЕК ұсынысы ЕО парламентінің басшысы Мартин Шульцтің бастамасымен шұғыл дауыс беруге шығарылды.

«120 мың босқынның қонысын ауыстыру туралы 9 қыркүйектегі Еуропалық комиссияның ұсынысын парламентттің рекордты мерзімде қолдауы 22 қыркүйек, сейсенбіде қайта жиналатын ЕО ішкі істер министрлеріне осы мәселеде уағдаласатын уақыттың жеткенін білдіретін белгідей болды», — деп атап өтілді Еуропарламент сайтында.

Еурокомиссияның бастамасын 370 парламентші қолдады, 134 депутат қарсы шықса, еуропалық 52 заң шығарушы қалыс қалды. ЕК ұсыныстарына сәйкес 120 мың босқын Италия (15600), Грекия (50400), Венгрия (54000) және ЕО-ның басқа да елдеріне бөлінетін болады.

Сонымен қатар, Еуропарламенттің дауыс беруі ұсынымдық сипатта. Соңғы шешім 22 қыркүйекке  жоспарланған әділет және ішкі істер бойынша ЕО кеңесінің аясында қабылданатын болады.