Жарияланды: 540

ЕО киберқылмысқа қарсы күрес орталығын ашты

Еуропалық одақта жыл басынан бастап Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы (European CyberCrime Centre (EC3) жұмысын бастады.

"Интерфакс-Украина" агенттігіне кеше Европол (Europol) мәлімдегендей, Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы ЕО-ның киберқылмысқа қарсы күрестегі үйлестіруші орталығына айналды. ЕО елдері мен еуропалық институттар киберқылмыстарды тексерудің жедел және талдамалақы мүмкіндіктерін құру және халықаралық әріптестермен ынтымақтасу үшін аталмыш орталыққа қоллау көрсетпек. Орталық қызметінің мандаты киберқылмыстың келесі түрлерімен күресті қамтиды: қылмыстық табыс алу үшін ұйымдасқан топтар жасаған қылмыстар, атап айтқанда онлайн-алаяқтық; зардап шегушіге үлкен зиян келтірген қылмыстар, атап айтқанда балаларды жыныстық қатынасқа итермелеу; ЕО-дағы аса маңызды инфрақұрылымдық және ақпараттық жүйелерге зиян келтірген қылмыстар. Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы ресми түрде биыл 1 қаңтарда жұмысқа кірісті. Ашылу салтанаты 11 қаңтарда Гаагада Европолдың бас пәтерінде өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін