ЕО киберқылмысқа қарсы күрес орталығын ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.78
  • 576.06
+13 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕО киберқылмысқа қарсы күрес орталығын ашты

ЕО киберқылмысқа қарсы күрес орталығын ашты

Еуропалық одақта жыл басынан бастап Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы (European CyberCrime Centre (EC3) жұмысын бастады.

  • 4 Қаңтар 2013
  • 528
Фото - Caravan.kz

«Интерфакс-Украина» агенттігіне кеше Европол (Europol) мәлімдегендей, Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы ЕО-ның киберқылмысқа қарсы күрестегі үйлестіруші орталығына айналды.

ЕО елдері мен еуропалық институттар киберқылмыстарды тексерудің жедел және талдамалақы мүмкіндіктерін құру және халықаралық әріптестермен ынтымақтасу үшін аталмыш орталыққа қоллау көрсетпек.
Орталық қызметінің мандаты киберқылмыстың келесі түрлерімен күресті қамтиды: қылмыстық табыс алу үшін ұйымдасқан топтар жасаған қылмыстар, атап айтқанда онлайн-алаяқтық; зардап шегушіге үлкен зиян келтірген қылмыстар, атап айтқанда балаларды жыныстық қатынасқа итермелеу; ЕО-дағы аса маңызды инфрақұрылымдық және ақпараттық жүйелерге зиян келтірген қылмыстар.
Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы ресми түрде биыл 1 қаңтарда жұмысқа кірісті. Ашылу салтанаты 11 қаңтарда Гаагада Европолдың бас пәтерінде өтеді.