Жарияланды: 550

ЕО Қазақстанда табиғи апаттарда әрекет ету және қауіп-қатерді төмендету жөніндегі Орталық -Азиялық орталық құруды қолдайды

Еуроодақ Қазақстанда табиғи апаттарда әрекет ету және қауіп-қатерді төмендету жөніндегі Орталық - Азиялық орталық ашуды қолдайды.

Бұл туралы Брюссельде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божкомен болған кездесу соңында халықаралық ынтымақтасық, гуманитарлық көмек және дағдарыс жағдайларында әрекет ету мәселелері жөніндегі еурокомиссар Кристалина Георгиева мәлім етті. Еуроодақ шенеунігінің атап өткеніндей, Қазақстанда төтенше жағдайларда әрекет үшін қажетті дамыған жүйе бар. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында БҰҰ-ның қолдауымен дағдарыстық жағдайларда әрекет ету жөніндегі Орталық-Азиялық орталық құру ісі жүріп жатыр. «Өздеріңіз білетіндей, өңір бойынша табиғи апаттардың жиілігі мен қарқыны жоғары болғандықтан, Орталық Азия үшін бұндай орталық құру өте маңызды болып табылады. Сондықтан азаматтар мен экономиканы қорғау үшін аймақтық және халықаралық ынтымақтастықты дамыту өте маңызды. Осыған байланысты Еуроодақ болашақта біздің өзара іс-қимылымыздың негізі болатын аймақтық орталық ашуды қолдайды», - деді К.Георгиева. Өз кезегінде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко біздің еліміздің транзиттік әл-ауқаты мен стратегиялық орналасқан жері республикада гуманитарлық көмек қоймаларын орналастыру, орталықазиялық өңірде дағдарыстық жағдайларды реттеу орталығын құру мүмкіндіктерін қарауға толық негіз береді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін