ЕО Қазақстанмен болат бойынша жаңа келісімге қол қойылады депген үмітте
Еуропа одағы (ЕО) Қазақстанмен болат бойынша жаңа келісімге қол қойылады деген үмітте, деп хабарлады ЕО делегациясының жетекшісі Норбер Жюстен. |
«Біз жаңа келісімге қол қойылып, барлық мәселелер, әсіресе металл сынықтарына қатысты мәселелер шешіледі деп үміттенеміз», -деді Н. Жюстен дүйсенбі күні тау-металлургия конгресінде.
«Бізде бұрын Қазақстанмен болат бойынша келісім болған, оның мерзімі бітіп қалды, әзірге бізде жаңа келісім әзірлеп, қол қоятын уақыт жоқ. Бірақ бұл көзқарастар қайшылығына байланысты болды», - деді ол.
Сондай-ақ, Н. Жюстен ЕО ашық сауда саясатын қолдайтынын, төмен тарифтер саясатын қорғайтынын атап өтті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін