ЕО Қазақстанмен болат бойынша жаңа келісімге қол қойылады депген үмітте - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕО Қазақстанмен болат бойынша жаңа келісімге қол қойылады депген үмітте

ЕО Қазақстанмен болат бойынша жаңа келісімге қол қойылады депген үмітте

Еуропа одағы (ЕО) Қазақстанмен болат бойынша жаңа келісімге қол қойылады деген үмітте, деп хабарлады ЕО делегациясының жетекшісі Норбер Жюстен.

  • 4 Шiлде 2011
  • 399
Фото - Caravan.kz

«Біз жаңа келісімге қол қойылып, барлық мәселелер, әсіресе металл сынықтарына қатысты мәселелер шешіледі деп үміттенеміз», -деді Н. Жюстен дүйсенбі күні тау-металлургия конгресінде.

«Бізде бұрын Қазақстанмен болат бойынша келісім болған, оның мерзімі бітіп қалды, әзірге бізде жаңа келісім әзірлеп, қол қоятын уақыт жоқ. Бірақ бұл көзқарастар қайшылығына байланысты болды», — деді ол.

Сондай-ақ, Н. Жюстен ЕО ашық сауда саясатын қолдайтынын, төмен тарифтер саясатын қорғайтынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар