ЕО саммиті Ұлыбританияның талаптары бойынша келісімге келе алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕО саммиті Ұлыбританияның талаптары бойынша келісімге келе алмады

ЕО саммиті Ұлыбританияның талаптары бойынша келісімге келе алмады

Еуроодақ мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары ЕО-ның 2016 жылдың ақпан айында өтетін келесі саммитіне дейін Ұлыбританиямен келісімге келу үшін олардың талаптарының барлық төрт тобы бойынша жұмыс істеуге уағдаласты. Бұл туралы Еуропалық одақтың Ұлыбритания бойынша тұжырымдамаларында айтылады.

  • 18 Желтоқсан 2015
  • 295
Фото - Caravan.kz

ЕО саммитінің бірінші күнінің қорытындылары бойынша Еуропалық одақтың төрағасы Дональд Туск баспасөз конференциясында ЕО көшбасшыларының Лондонның талаптарына байланысты алаңдаушылығын білдіргені, алайда елдің барлық талаптары бойынша ымыраға келуге ниетті екенін айтты.

Еске сала кетейік, бейсенбі күні Брюссельде Еуропалық одақ мемлекеттері мен үкімет басшыларының екі күндік саммиті басталды. Шараның бірінші күнінің басты мәселелердің бірі Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның Еуроодақты рефоормалау бойынша талаптарын талқылау болды.

Еуропалық одақ Лондонның талаптарымен келіспеген жағдайда, британдық премьер алдағы референдумда елдің ЕО құрамынан шығуына қолдау білдіретінін уәде етуде. 


Соңғы жаңалықтар