Е.Қазыханов Астананың сыртқы саясатындағы еуропалық вектордың басымдылығын атап өтті -Берлин - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Е.Қазыханов Астананың сыртқы саясатындағы еуропалық вектордың басымдылығын атап өтті -Берлин

Е.Қазыханов Астананың сыртқы саясатындағы еуропалық вектордың басымдылығын атап өтті -Берлин

Германия Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда серіктестерінің бірі. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов 19 шілдеде ГФР вице-канцлері, Сыртқы істер министрі Гидо Вестервеллемен болған кездесуде мәлім етті, деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосыны баспасөз қызметінен.

  • 22 Шiлде 2011
  • 507
Фото - Caravan.kz

Ержан Қазыханов өз сөзінде, дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғалы бері қазақстан-германия байланыстары ілгері және жемісті дамып отырғанын, жоғары деңгейдегі белсенді саяси диалог реттелгенін, қауіпсіздік, энергетика және технология, сауда және инвестиция, мәдениет және білім беру салаларында байланыстарды нығайтуға деген өзара қызығушылықтар артып келе жатқанын атап көрсетті.

Президент Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша даярланып, жүзеге асырылып жатқан «Еуропаға жол» атты Мемлекеттік бағдарламасы мен Еуроодақтың Орталық Азияға бағытталған стратегиясына негізделген Қазақстанның Еуроодақ елдерімен өзара ықпалдастығына тоқталған Е.Қазыханов, Астананың сыртқы саясатындағы Еуропалық вектордың басым екенін, біздің еліміздің осы континенттегі мемлекеттермен саяси және экономикалық қатынастарды диверсификациялауға деген ұмтылысын атап өтті.

Оның пікірінше, біздің халықтарымыздың жақындасуы мен мәдени өзара ықпалдасуына 2009 жылғы Германиядағы Қазақстан жылы мен 2010 жылғы Қазақстандағы Германия жылы өз септігін тигізді.

Германияның Қазақстан сыртқы саясатындағы Еуропадағы негізгі саяси және экономикалық әріптес ретінде ролі мен орнына ерекше тоқталған министр, ресми Астана бұл елмен барлық салаларда және барлық деңгейде диалогты дамыта беруге мүдделі екенін айтып өтті.

Оның айтуынша «қазір Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы жетекші экономикалық әріптесі болып табылады, ал Германия өз кезегінде Қазақстанның Еуропадағы негізгі сауда әріптестерінің бірі болып саналады. Бұған өткен жылғы көрсеткіш бойынша 5 миллиард еуро көлемінен асып түсіп отырған тауар айналымы дәлел».

Қазақстандық министр сондай-ақ, сауда-экономикалық салада сенімді құқықтық және институционалдық база құрылғанын, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-германия үкіметаралық жұмыс тобынан бөлек 2010 жылдың шілдесінен бастап жетекші экономикалық құрылымдарды біріктірген, екі елдің іскер топтарының арасындағы нағыз көпірге айналған Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия іскер кеңесі жұмыс істеп жатқанын айтып өтті.

Осыған орай, тараптар екі елдің де сыртқы саясат және қауіпсіздік, энергетика және технология, сауда және инвестиция, ғылым, мәдениет және білім беру салаларында өзара мүдделерге ие екендіктерін де жасырмады.

Келіссөз соңында Е.Қазыханов өзінің германиялық әріптесін іссапармен Қазақстанға келуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар