Е.Қазыханов ИКҰ Бас хатшысымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Е.Қазыханов ИКҰ Бас хатшысымен кездесті

Е.Қазыханов ИКҰ Бас хатшысымен кездесті

Бүгін елордада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ИКҰ Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноғлымен кездесті.

  • 27 Маусым 2011
  • 416
Фото - Caravan.kz

Жүздесу барысында тараптар ертең елордада ашылатын Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38 сессиясына дайындық барысын талқылады.

Е.Қазыханов әңгімелесуші тарапты Ұйымның атауын, эмбелмасын өзгерту жөнінде ИКҰ СІМ кеңесінде күтілетін шешімдермен және Орталық Азия — ИКҰ іс-қимыл жоспарымен, сондай-ақ Қазақстанның аталған ұйымға төрағалығы барысындағы негізгі басымдықтарымен таныстырды.

Өз кезегіде ИКҰ хатшылығы жыл бойы ҚР Сыртқы істер министрлігімен және басқа да еліміздің мемлекеттік органдарымен ұйымның 38 сессиясына дайындық барысында тығыз жұмыс істегендігін баса айтқан Э.Ихсаноғлы: «Біздің күн тәртібіміз ауқымды. Онда Палестина мәселесі, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада орын алып жатқан жайттар, Ауғанстан және Умманың басқа да өңірлері бойынша өзекті түйткілдер қамтылған», — деді.

Соңғы жаңалықтар