«Құны 300 млн долларға бағаланып отырған болашақ жоба 14 шақырымға жуық жеңіл рельсті трамвай желісін тарту көзделген. Бұл қазіргі трамвай жолдарының орнын басып қана қоймай, жылжымалы құрам мен қондырғылар сатып алуға кететін шығынды жояды. Жүрдек трамвай деп аталатын жеңіл рельсті трамвай метродан жылдам әрі арзанға түседі», — делінген хабарламада.
ЕҚДБ құжаттарды әзірлейтін сарапшыларды тауып, заңдық және техникалық кеңесшілердің қызметіне жұмсалатын шығындарды жабады.