ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының директоры ұйым мен Қазақстанның демократиялық реформаларды өрістету саласындағы ықпалдастығына қанағаттанады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ  Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының директоры ұйым мен Қазақстанның демократиялық реформаларды өрістету саласындағы  ықпалдастығына қанағаттанады

ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының директоры ұйым мен Қазақстанның демократиялық реформаларды өрістету саласындағы ықпалдастығына қанағаттанады

Варшавада "Миграция және интеграция" тақырыбында халықаралық семинар өтіп, оның аясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының директоры Кристиан Штрохал ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мәдина Жарбосыновамен кездесті. Ол ұйым мен Қазақстанның демократиялық реформаларды өрістету бағытындағы ықпалдастығына қанағаттанатынын білдірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Мамыр 2005
  • 706
Фото - Caravan.kz

Семинар барысында М.Жарбосыноа сонымен бірге аясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық жасау жөніндегі Словенияның мақсатты тобының жетекшісі, елші Борис Фрлек, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының азшыл ұлт істері жөніндегі бас комиссары бюросының директоры Джон Фонбланк мырзалармен кездесті. Сұхбат барысында Қазақстанның экстремизммен күрс жөніндегі, БАҚ туралы және Үкіметтік емес ұйымдардың іс-қызметі туралы заңнамаларын жетілдіру саласындағы ынтымақтастығына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Семинарда сөз сөйлеген М.Жарбосынова Қазақстан — бұрынғы Кеңестік кеңістік аясында саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтап қалған, ұлтаралық саясаттың бірегей институттарын құрып, көп тілді ақпараттық орта қалыптастыра білген, қазіргі заманғы халықаралық стандарттарды ескеру негізінде көші-қон саясатын жыл өткен сайын жетілдіріп отырған санаулы мемлекеттердің бірі екенін атап өтті. Елші Қазақстандағы миграциялық құбылыстардың оң сальдоға ие болғанын, демографиялық ахуалдың жақсарып, халық саны арта түскенін айтты.
Семинар аясындағы көші-қон мәселесіне арналған сессиялар мен пікірталастарға ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен ҚР адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталығының сарапшылары қатысып сөз сөйледі.

Перейти к новостям спорта