ЕҚЫҰ Елшілерінің делегациясы Парламент депутаттарымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ Елшілерінің делегациясы Парламент депутаттарымен кездесті

ЕҚЫҰ Елшілерінің делегациясы Парламент депутаттарымен кездесті

Бүгін Парламентте Сенат пен Мәжілістің халықаралық істер жөніндегі комитет төрағалары

  • 23 Қазан 2015
  • 322
Фото - Caravan.kz

Икрам Адырбеков пен Мәулен Әшімбаев бастаған қазақстандық депутаттар ЕҚЫҰ-ның Елшілерінің делегациясымен кездесті. Жүздесуде ЕҚЫҰ-ны халықаралық қауіпсіздіктің іргесін қалаушы маңызды құрамның бірі екендігіне назар аударылды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Жүздесуде қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ-ның ұстанымдарын іске асыру бағытында қызмет етуге әзірліктерін білдіріп, алдағы уақытта да солай болатынын мәлімдеді. Өз кезегінде дипломаттар Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге үлес қоса беретінін айта келе, қазақстандық этникааралық үндестіктің маңызына тоқталып, оның бейбітшілік сүйгіш бастамаларына қолдау білдіретіндіктерін танытты», делінген баспасөз баянында.

Әңгімелесу барысында қазақстандық Парламенттің заң шығару мәселелеріндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына, Еуразиялық экономикалық одақтың Жібек жолы белдеуіндегі қытайлық экономикалық жобамен біріктіруі жайына ерекше назар аударылды. Әрі олардың Еуроодақпен өзара байланысының келешегі туралы да айтылды.


Кездесуге қатысушылар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының алатын орны мен парламент құрылымының интеграциялық жүйедегі маңызына назар аударды. Сондай-ақ тараптар алдағы уақытта ынтымақтастықты өркендетуге ерекше көңіл бөліп, соның ішінде парламентаралық дипломатия мәселесінің орны айрықша екенін атады.

Жүздесуге Мәжіліс депутаттары Светлана Бычкова, Қуаныш Сұлтанов, Сенат депутаттары Владимир Бобров, Георгий Ким, Дулат Құсдәулетов және Қазақстанның Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы өкілі Қайрат Сарыбай қатысты.

Соңғы жаңалықтар