ЕҚЫҰ мүше мемлекеттердің басым бөлігі Қазақстанның ұйымға төрағалық етуін қолдап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ мүше мемлекеттердің басым бөлігі Қазақстанның ұйымға төрағалық етуін қолдап отыр

ЕҚЫҰ мүше мемлекеттердің басым бөлігі Қазақстанның ұйымға төрағалық етуін қолдап отыр

АСТАНА. 12 желтоқсан. Kazakhstan Today. Журналистер Конгрессінің төрайымы Дариға Назарбаева, Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ төрағалық ету туралы өтінішінің келесі жылы қаралуы "үлкен дипломатиялық жеңіс" деп есептейді. Бұл жөнінде Kazakhstan Todaу агенттігінің тілшісі хабарлады.

  • 12 Желтоқсан 2006
  • 597
Фото - Caravan.kz

Ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында: «бұл үлкен дипломатиялық жеңіс», — деп мәлімдеді .

Д. Назарбаева «Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық ету мәселесінде екі ірі мемлекет- АҚШ пен Ұлыбритания ең басты оппонент болды», дейді.

Бірақ, қазіргі жағдайда «жуырда ғана ЕҚЫҰ-ына тең құқылы мүше болған балғын әрі жас республика өзінің үлкен ұмтылысын байқатуы» бұрын-соңды болмаған жайт болды, деп атап өтті конгресс төрайымы.

«Ең үлкен жетістік — ТМД мемлекеттерінің бірігіп, Қазақстан біздің ортақ үміткеріміз деп атауы. Шын мәнісінде ЕҚЫҰ-ына мүше мемлекеттердің жартысынан көбі сөзсіз біздің кандидатурамызды қолдайды», деп атап өтті Д.Назарбаева.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта