ЕҚЫҰ өкілдері трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы еуропалық әріптестермен ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған Қазақтанның бастамаларына қолдау білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ өкілдері трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы еуропалық әріптестермен ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған Қазақтанның бастамаларына қолдау білдірді

ЕҚЫҰ өкілдері трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы еуропалық әріптестермен ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған Қазақтанның бастамаларына қолдау білдірді

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ЕҚЫҰ өкілдері трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы еуропалық әріптестермен ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған Қазақтанның бастамаларына қолдау білдірді. Бұл туралы бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астана қаласындағы Орталығының басшысы Александр Кельчевский мен осы ұйымның полицейлік мәселелер жөніндегі аға кеңесшісі - ЕҚЫҰ стратегиялық және полицейлік мәселелер жөніндегі бөлімше басшысы Кевин Крити Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі Алик Шпекбаевпен кездесуде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ Штабының Халықаралық ынтымақтастық басқармасына сілтеме жасап.

  • 5 Қараша 2008
  • 503
Фото - Caravan.kz

Басқарма ақпаратына сәйкес, ЕҚЫҰ өкілдеріҚазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен диалогты одан әрі кеңейтуге әзір екендіктерін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар екі жақты ынтымақтастықтың көптеген мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық етуі жайлы талқылады.

Халықпен жұмысты жақсартуға бағытталған жобаларды іске асыру, ең алдымен Қазақстанда «кварталдық полиция» жобасын құру туралы бірлескен шараларды белгіледі.

Кездесу шеңберінде Алматыда полицияның демократиялық дамуы бойынша 13-14 қарашада халықаралық дөңгелек үстел мен ағымдағы жылғы 9 желтоқсанда «Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте Орталық Азияда құқық қорғау органдарының өңірлік ынтымақтастығын күшейту» атты халықаралық конференцияны өткізу мәселелері де талқыланды.

Жасырын арнайы операцияларды жүргізу саласында Еуропа тарапының тәжірбиесін қолдану мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымының қолдауымен өткізілетін осы іс-шаралар Қазақстан полициясының әлуетін және оның қызметін одан әрі жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды басқарма.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар