ЕҚЫҰ парламентік ассамблеясының президенті Қазақстанның ұйымға мүшелікке өтуіне қатысты 2006 жылы Брюссельде оң шешім қабылданады деген үмітте - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ парламентік ассамблеясының президенті Қазақстанның ұйымға мүшелікке өтуіне қатысты 2006 жылы Брюссельде оң шешім қабылданады деген үмітте

ЕҚЫҰ парламентік ассамблеясының президенті Қазақстанның ұйымға мүшелікке өтуіне қатысты 2006 жылы Брюссельде оң шешім қабылданады деген үмітте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше ЕҚЫҰ Парламентік ассамблеясының президенті, АҚШ-тың Флорида штатының конгрессмені Алси Хастингсті қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне мемлекет бсшысының баспасөз қызметі.

  • 1 Қараша 2005
  • 776
Фото - Caravan.kz

А.Хастингс рәсімдік ережелер жөніндегі комитет пен барлау жөніндегі комитетке қарасты лаңкестік және ішкі қауіпсіздік жөніндегі комитеттің демократтар фракциясының жетекшісі болып табылады.

Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ-тың стратегиялық серіктестік мәселелері талқыланды және ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердегі бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудың маңызы ерекше аталып өтті.
«Бес жылдай уақыт бұрын мен Назарбаев мырзамен Алматыда кездескен болатынмын. Бүгін мен оған көрсетілген қонақжайлылығы және Қазақстандағы демократияның орнығуы туралы берген мәліметтері үшін алғысымды жеткіздім»,- деді ол.
Журналистердің Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету ниеті жөніндегі сұрағына жауап бере келе А. Хастинг былай деді:
— Мен 2006 жылы Брюссельде оң шешім қабылданады деген үміттемін.
Конгрессмен сондай-ақ Қазақстанның Сыртқы істер министрімен болатын кездесуінде ЕҚЫҰ-ны реформалау мәселесін талқылап, «Қазақстанға және ЕҚЫҰ-ға мүше басқа да 54 елге пайдалы болатын Ұйымды одан әрі реформалауға қолдау көрсетуі» жөнінде өтініш білдіретінін хабарлады.

Перейти к новостям спорта