ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасау жөніндегі сұранымын қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+6 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасау жөніндегі сұранымын қолдайды

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасау жөніндегі сұранымын қолдайды

ВЕНА. 30-қараша. Kazakhstan Today. ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасау жөніндегі сұранымын қолдайды. Бұл туралы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Гёран Леннмаркер 14-қарашада ұйымның Венадағы бас пәтерінде сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 30 Қараша 2006
  • 448
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төраға болуы Орталық Азияны ұйымның іс-қызметіне тартуға, әсіресе, шиеленістерді реттеу, адам құқықтары, адам саудасы мен есірткі тасымалына қарсы күрес салаларындағы жұмыстарға тартуға септігін тигізеді»,- деді Г.Леннмаркер.

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы құрамына ұйымға мүше 56 елден үш жүзден астам парламентшілер енеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта