ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасауға деген талпынысын қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасауға деген талпынысын қолдайды

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасауға деген талпынысын қолдайды

БРЮССЕЛЬ. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today. ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасау жөніндегі сұранымын қолдайды. Бұл туралы ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Гёран Леннмаркер Брюссельде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше-елдердің сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы 14-отырысын ашып сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 4 Желтоқсан 2006
  • 475
Фото - Caravan.kz

«Мен Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төраға болуын толық қолдаймын»,- деп мәлімдеді Г.Леннмаркер.

Г.Леннмаркердің айтуынша, «ЕҚЫҰ жуырда ғана жыл сайынғы 17-ші Парламенттік ассамблеяны 2008-жылы Алматыда өткізуді бір дауыстан қолдады».

«Парламенттік ассамблея жыл сайынғы сессияны Қазақстанда өткізу Орталық Азия елдерін ЕҚЫҰ іс-қызметіне толыққанды тартуға көмектеседі деп пайымдайды»,- делінген баспасөз баянында.

Осы орайда еске сала кетсек, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше-елдердің сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы 14-отырысы бүгін Брюссельде басталды. 68 ел мен халықаралық ұйымдардың өкілдері екі күн бойы дау-дамайларды реттеу, адам құқығын қорғау, құл саудасы, сайлауларды әділ өткізу, ЕҚЫҰ іс-қызметінің басымдықтары сынды өзекті проблемаларды талқылайды.

Бас қосуға Қазақстаннан СІМ Қасымжомарт Тоқаев, СІМ-нің бірінші орынбасары Рахат Әлиев, Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы тұрақты өкілі Дулат Қуанышев, Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі елшісі Константин Жигалов қатысуда. Ресми өкілдер құрамында барлығы 17 адам бар.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше-елдердің сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы 14-отырысында Қазақстанның 2009-жылы ұйымға төрағалық жасау туралы өтініші талқыланады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта