ЕҚЫҰ Саммиті аясында «The Astana Times» газеті жарыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ Саммиті аясында «The Astana Times» газеті жарыққа шықты

ЕҚЫҰ Саммиті аясында «The Astana Times» газеті жарыққа шықты

ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңында «The Astana Times» газетіне жарыққа шығып отыр. Бұл жаңа басылымға қазақ тілінен тікелей ағылшын тіліне аудара алатын кәсіби мамандар қажет. Бұл туралы бүгін Саммиттің баспасөз орталығында өткен журналистермен кездесу барысында «Егемен Қазақстан» газетінің президенті Сауытбек Әбдірахманов айтты.

  • 29 Қараша 2010
  • 838
Фото - Caravan.kz

Оның хабарлауынша, бүгінде жаңадан ашылған газетке түсетін қазақ тіліндегі материалдар, ең бірінші, орысшаға, одан кейін ағылшын тіліне аударылады. «Бұл — мәжбүрлік схемасы. Себебі бізде қазақ тілінен тікелей ағылшын тіліне аудара алатын кәсіби мамандар жетіспейді. Алдағы уақытта біз ондай мамандарды жұмысқа тарту арқылы бұл мәселені шешеміз деп ойлаймын», — дейді С.Әбдірахманов.

С.Әбдірахманов атап көрсеткендей, ЕҚЫҰ Саммиті, Азиада және тағы басқа үлкен халықаралық жиындарға орай шығатын «The Astana Times» газетінің бүгінгі таралымы 6 мың дананы құрап отыр.

Перейти к новостям спорта