ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі о бастан-ақ сот орындарын қолдап келеді - Штефан Бухмайер - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі о бастан-ақ сот орындарын қолдап келеді - Штефан Бухмайер

ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі о бастан-ақ сот орындарын қолдап келеді - Штефан Бухмайер

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығы мен өзге де маманданған институттары Қазақстандағы құқықтық реформа саласындағы атқарылған жұмыстарға өз қолдауын әрдайым білдіріп келе жатыр.

  • 3 Маусым 2011
  • 402
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Қылмыстық іс жүргізуді одан әрі реформалау мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел жиынында айтылды.

«Сот әділдігі кепілдендірілген негізгі адам құқығының бірі. ЕҚЫҰ-ның адам құқы саласындағы бір өлшемі мемлекеттің адам құқығын қорғаудағы әділ сотқа кепілдігі болып саналады. Сол себепті ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы өкілдігі сот орындарын о бастан-ақ қолдап келе жатыр», — дейді ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының Адам құқы жөніндегі кеңесшісі Штефан Бухмайер. Оның айтуынша, Қазақстан қылмыстық заңдарды ізгілендіру жолында келе жатыр. Қазақстанның 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында қылмыстық саясатты одан ары ізгілендіру және бейтараптандыру міндеті қойылған. Бұл бағытта ЕҚЫҰ-на мүше өзге мемлекеттердің іс-тәжірибесі де ескеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар