Бұл туралы бүгін КирТАГ Қырғызстанның есірткі затын бақылау бойынша мемлекеттік қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Атап айтқанда, бүгін шамамен сағат 4:30 Ново-Покровка ауылында №3 түзету мекемесінің аумағында мекеменің қоршауынан есірткі затын лақтырмақ болған Жалалабад облысының 1993 жылғы тумасы ұсталды. Тінту кезінде одан 4 келі қара-жасыл түсті зат табылып, тәркіленді.
Ұсталған уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.