Ер адам тапа-тал түсте мәйітханадан енесінің денесін ұрлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ер адам тапа-тал түсте мәйітханадан енесінің денесін ұрлап кетті

Ер адам тапа-тал түсте мәйітханадан енесінің денесін ұрлап кетті

Ол өлген әйелдің денесін басқа жерлеу бюросына апарған, ал әйелі ештеңе білмеген.

  • 3 Қыркүйек 2018
  • 54
Фото - Caravan.kz

Британияның Рочестер қаласында ер адам жұбайына айтпай, енесінің денесін мәйітханадан ұрлап кетті. 

Жерлеу рәсімін ұйымдастырумен айналысқан бюро қожайыны телефон қоңырауларына жауап бермеген соң, ер адам алаңдай бастаған. Ол екі күн бойы полиция бөлімшесінен кетпей, әйелді іздеп таппақ болыпты, бірақ еш нәтиже шықпаған, деп жазады mirror.co.uk.

Жерлеу рәсіміне санаулы күндер қалғанда, ер адам қимылдау керек екенін түсініп, жерлеу бюросына келеді. Мәйітханадан енесінің денесін тауып, оны арбаға салып, жалға алған жүк көлігіне апарған. Кейін мәйітханаға қайта оралып, әйелі марқұм үшін дайындап қойған киімді алып кетеді. "Ұрлық" тапа-тал түсте жасалса да, ер адамды ешкім тоқтатпаған. 

Осыдан кейін ол енесінің мәйіті мен заттарын басқа жерлеу бюросына апарған. 


"Менің басқа амалым болмады", — деп түсіндірді өз әрекетін ол. 

Жерлеу рәсімі тыныш өтті, ал әйелі сол күйі ештеңе білген жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар