Ер адам жол апатынан соң оқиға орнынан қашып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 510.59
  • 578.91
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ер адам жол апатынан соң оқиға орнынан қашып кеткен

Ер адам жол апатынан соң оқиға орнынан қашып кеткен

Жол апатынан 4 көлікке заұым келген.

  • 5 Қыркүйек 2023
  • 17
Фото - Caravan.kz

Алматыда ер адам жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға 5 қыркүйекке қараған түні Саин мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.

"Түнде сағат 1:35 шамасында Mercedes маркалы автокөлік жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта жүріп, Шаляпина көшесінің қиылысында қашықтықты сақтамай, төрт бірдей Nissan, Mercedes, Toyota Land Cruiser Prado және Chevrolet секілді автомобильдермен соқтығысқан. Кейін кінәлі апат орнынан жаяу қашып кеткен", — деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Құқық қорғау органдары жүргізушінің жеке басын анықтаған. Кінәліні ұстау үшін шаралар қабылданып жатыр.


"Жол апаты салдарынан Nissan маркалы автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Бұл деректі Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері өндіріске қабылдады", — деп толықтырды Алматы ПД баспасөз қызметі.