Ер адамды шапалақпен тартып жіберген әйелдің видеосы желіге тарап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ер адамды шапалақпен тартып жіберген әйелдің видеосы желіге тарап кетті

Ер адамды шапалақпен тартып жіберген әйелдің видеосы желіге тарап кетті

Алматыда троллейбус жүргізушісі басқа көлік құралының жүргізушісін шапалақпен тартып жіберді.

  • 25 Шiлде 2018
  • 148
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады. 

Ақ кроссовердің жүргізушісі ер адам мен троллейбустың жүргізуші әйелдің видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_almaty парақшасында жария болды. Куәгер соған қарағанда видеоны оқиғаны басынан бастап түсірмеген. Себебі, ақ көліктің жүргізушісі ер адам әйелге бірдеңе деп, ызаға бой берген әйел шапалақ тартып жіберген сыңайлы. Оған шыдамаған ер адам әйелді теуіп жіберуге тырысқан. "Green Bus Сompany" ЖШС-ның директоры Бауыржан Құлышев бұл оқиға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, оқиға орталық мәдениет саябағы және демалыс орнының маңында болған. № 25 троллейбустың жүргізушісін қасақана арандатқан. "Кроссовердің жүргізушісі өзін арсыз ұстап, боқтық сөздер айтып, троллейбусқа соқтығыса берген. Әйел қауіпсіздік инженерлерін шақыртып, қазір аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазды. Ер адамның ол қылығына шыдамаған әйел ескерту жасаған да, ер азамат көлігінен шығып соққыға жыққан. Қазір аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін шақырдық", — деді Кұлышев.
 

Соңғы жаңалықтар