"Ер азаматтарыңызды ешкімге бермеңіздер, ешкімге ұстатпатпаңыздар": Гүлзира Айдарбекова әйелдерге ақыл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ер азаматтарыңызды  ешкімге бермеңіздер, ешкімге ұстатпатпаңыздар": Гүлзира Айдарбекова әйелдерге ақыл айтты

"Ер азаматтарыңызды ешкімге бермеңіздер, ешкімге ұстатпатпаңыздар": Гүлзира Айдарбекова әйелдерге ақыл айтты

Халық алдында отбасымен танымал болған, продюсер Гүлзира Айдарбекова оқырмандарына ақыл-кеңесін айтты. 

  • 1 Сәуiр 2022
  • 3555
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

— Отбасылық бақытқа жету үшін өзіңді құрбан еткенде ғана, бүкіл әулетке қадірі артқан ана болатынына күмәндарыңыз болмасын, дейді. 

"Маған арналған махаббат әнің менікі еді,
Сезім ақтарған жылы сөздерің менікі еді.
Періште көңіл адал жүрегім сіздікі еді,
Бірге тыңдайтын жүректің әні біздікі еді.
Бұл біздің ән көңілде сақталған,
Бұл біздің ән жүректе жатталған.
Бұл біздің ән естелік боп қалған,
Бұл біздің ән жылайтын түнгі аспан,
Бұл біздің ән жаралы мұң дастан.
Бұл біздің ән ешкімге тыңдатпа,
Бұл біздің ән…
Толық қанды отбасы болу, әрбір отбасы үшін ең қиын бұралаң жолдармен келетін толлассыз бақыт. Отқа түссе жанбайтын, суға салса батпайтын, өз жанұясының ұрпағының мәңгілік бақыты үшін тіптен өз бақытын құрбан санауға да баратын әйел аналар түбінде бүкіл әулетке қадірі артқан ана болатынына күмәндарыңыз болмасын. Келіндеріме де барша ана атаулыға тілейтінім: сабырмен, еңбекпен, ақылмен келетін ана бақыты. Жұптарыңыз ажырамай, ер азаматтарыңыздың қолынан мықтап ұстап, ешкімге бермей, ешкімге ұстатпай абыроймен бірге қартаюларыңызды жазсын Алла", деп жазды ол. 

"Дұрыс айтасыз. Оңай емес үй болу. Оны атам қазақ өзі мойындаған", "Қандай күшті керемет көрініс,Алла бирге қартаюды жазсын", 

Өзі бақытты бола алатын, өзгені бақытты ете алатын сұлу жансыз… Махабаттарыңыз баянды болып, ұзақ жасаңыздар", деп тілектерін жазды продюсердің оқырмандары.