Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Барлық төлемақылар төтенше жағдай режимімен байланысты. Төтенше жағдай режимі тоқтатылды, енді төлеуге ешқандай негіз жоқ. Сондықтан барлық азаматтар жұмысын жалғастыруы керек", — дейді Ералы Тоғжанов.
Естеріңізге сала кетейік, ТЖ режимі елімізде 16 наурыздан басталып, 11 мамыр аралығында тоқтатылған еді. Осы уақыт аралығында табысынан айырылған қазақстандықтарға 42500 мөлшерінде жәрдемақы төленді.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан үкіметі елде 14 күндік қатаң карантин енгізілгенін хабарлады. Қандай нысандар жабылып, қайсысы жұмысты жалғастыратын болады, сілтемеге өтіп оқыңыз.