Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша атышулы іс сотқа жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша атышулы іс сотқа жіберілді

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша атышулы іс сотқа жіберілді

 

  • 10 Тамыз 2016
  • 391
Фото - Caravan.kz

Ерасыл Әубәкіровтың өлімі бойынша іс сотқа жіберілді, — деп хабарлайды Тengrinews.kz Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

"Е. Әубәкіровті қасақана өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді", — делінген редакцияның ресми сауалына берілген жауапта.

Өз кезегінде Астана қалалық сотының баспасөз қызметі студенттің өлімі бойынша іс 10 тамызда Ауданаралық қылмыстық істер сотына келіп түскен. Қазіргі кезде тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Істің прокуратураға түскені туралы мәлімет бір апта бұрын белгілі болды. Тергеу жұмыстары жарты жылға созылды. Астанада Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда жоғалып кеткен болатын. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялаған еді. Әубәкіровтің денесі 10 ақпанда жедел-іздестіру жұмыстарының барысында табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен төрт адам ұсталды. Әубәкіров интерн-хирург болған. Студенттің достары оның үздік оқығанын, белсенді болып, қатарластарымен жақсы қарым-қатынаста болғанын атап өтті.

Адам өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды — Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай. Шілде айының соңында негізгі күдіктілердің бірі саналған Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалаудың тоқтатылғаны белгілі болды. Ол бостандыққа шықты. Қалған үш күдіктіге қатысты 10 тамызға дейін қамау мерзімін ұзарту туралы шешім шығарылды. Шілде айының басында осы іс бойынша тергеу аяқталды.