Ерболат Беделханнан әке-шешесінің қалай өлгенін сұраған Аман Тасыған жұрттың ашуын келтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерболат Беделханнан әке-шешесінің қалай өлгенін сұраған Аман Тасыған жұрттың ашуын келтірді

Ерболат Беделханнан әке-шешесінің қалай өлгенін сұраған Аман Тасыған жұрттың ашуын келтірді

Бағдарламасында Ерболат Беделханнан ата-анасының өлімінің анық-қанығын сұраған Аман Тасыған жұрттың ашуын келтірді.

  • 13 Желтоқсан 2019
  • 90
Фото - Caravan.kz

Олар ата-анасының қырқы өтпей жатып, мұндай сұрақтарды есту продюсерге ауыр тигенін тілге тиек етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бірінші ата-анаңыздың арты қайырлы болсын деп көңіл айтқым келеді. Қас пен көздің арасында ата-анаңыздан қалай айырылып қалдыңыз?» — деп сұрады ол. 

Осы кезде продюсер «Әумин. Сол жол апаты болды» деп өзіне сұрақтың айтарлықтай ауыр тиіп отырғанын байқатты. 

Алайда бұл жауапқа қанағаттанбаған Аман Тасыған «Толығырақ айтып өтсек. Өйткені ешқандай баспасөз беттерінде толық ақпарат жоқ» деп қайта сұрайды. 

«Әлі қырқы өткен жоқ, айта алмаймын», — деп жауап беруден бас тартты Ерболат Беделхан. 

Көпшілік продюсердің ұстамдылығы мен сабырлығына қайран қалғанын жазып жатыр. Ерболат Беделханның айтуынша, мұндай тәрбиені ата-анасы берген. 

«Әртіс әрі кәсіби әртіс болған соң, өлім болып жатса да, сахнаға күліп шығуың керек. Әке-шешеміз осыны 5 жасымыздан бастап салып кеткен. Әрине, жұмысқа келген кезде оның барлығын көрсетпеу керек. Ол жеке дүние болған соң – жеке дүние. Сондықтан да жұмыспен мұны жаптым деп айта алмаймын. Бірақ тірлік те, шаруа да онсыз да жетеді. Өмір жалғасып жатыр», — деп түсіндірді ол. 

Желі қолданушылары өз кезегінде журналистің сұхбатты осы сұрақта бастағанын ұнатпағанын жазып жатыр. 


«Ата-анасы туралы сұрап бастағаны үлкен қателік деп ойлаймын», «Ақылсыз сұрақ, ақылды жауап», «Не деген ақымақ сұрақтар. Ата-анасының өлімінің анық-қанығын сұрағаны вообще ужас. Ол онсыз да қиналып отқанда, жанды жеріне бастыңыз», «Ата-анасы туралы бекер сұрадыңыз. Ол бүкіл интервью бойы суық жауап беріп отырды», «Аман Тасығанның сұхбатқа дәрежесі жетіңкіремейді», «Неге жүргізушіден тәкаппарлықтың иісі шығып тұр. Жоғарыдан сынап-сипап сұра қойып отырған сияқты ма?» деп жазды желі қолданушылары. 

Сондай-ақ, оны қоштап, сұрақтарының өткір әрі орынды екенін айтқандар да көп болды. 

Соңғы жаңалықтар