Ердоған: Түркия Украинадағы шоуға қатысқысы келмейді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ердоған: Түркия Украинадағы шоуға қатысқысы келмейді

Ердоған: Түркия Украинадағы шоуға қатысқысы келмейді

Түркия президенті  Режеп Тайып ЕрдоғанУкраинадағы шоуға қатысқысы келмейтінін мәлімдеді. Ал Ресеймен қарым-қатынас әрі қарай жалғасып жатқанын айтты.

  • 24 Мамыр 2022
  • 871
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Режеп Тайып Ердоған Министрлер Кабинетінің отырысынан кейін халыққа үндеуінде айтты, — деп хабарлайды ZTB Kazakhstan.

«Біз Украинаның аумақтық тұтастығы мен Егемендігі туралы өз ұстанымымызды Ресейге нақты және батыл айттық. Бірақ біз бұл шоуға қатысқымыз келмейді, ал Ресеймен қарым- қатынас барлық бағытта жалғасуда»,- деп атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Түрік билігі Украинадағы жағдайды реттеу туралы бірнеше рет ұсыныс жасаған. Стамбул Мәскеу мен Киев делегацияларының бетпе-бет кездесулері де болды. Ағымдағы жылдың ақпанында Ресей Украинаны денацификациялау және демилитаризациялау бойынша арнайы операцияны бастаған болатын.