Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның кортежі Ыстамбұлда мемлекет басшысының резиданциясынан Мармара университетіне бара жатқан кезде ірі жол апатына ұшырады, — деп хабарлайды Haber TV.
9 желтоқсанда күндіз болған апаттың салдарынан төрт полицей түрлі деңгейдегі жарақат алып, ауруханаға жатқызылған. Бірнеше көлік бүлінген. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр. Ал Түркия президентінің жағдайы жайлы ештеңе айтылмай отыр.
БАҚ-тардың мәліметінше, оқиға Режеп Ердоғанның жұма намаздан кейін мешіттен кетіп бара жатқанында болған.