Ердоғанның ұлы «Ислам мемлекетімен мұнай саудасын жүргізді» деген айыптауларға жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ердоғанның ұлы «Ислам мемлекетімен мұнай саудасын жүргізді» деген айыптауларға жауап берді

Ердоғанның ұлы «Ислам мемлекетімен мұнай саудасын жүргізді» деген айыптауларға жауап берді

 Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның ұлы - Біләл Ердоған «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы бақылайтын аумақта өндірілетін мұнай саудасына еш қатысы жоқ екенін мәлім етті.

  • 9 Желтоқсан 2015
  • 577
Фото - Caravan.kz

«Біз Ыстамбұлда кеңселерді салып жатырмыз… Жерорта теңізінде, Сирия немесе Иракта бизнес жүргізіп жатқан жоқпыз», — деді ол Corriere della Sera италиялық газетіне берген сұхбатында.

«ИМ — бұл менің елімнің жауы. ИМ — менің сенімімді (дінімді) қаралап жатыр. Олар ислам өкілі емес және мен оларды мұсылмандар деп санамаймын», — деді Біләл Ердоған. Ол теңізде жүк тасымалдамайтынын, оның компаниясында ресейлік клиентке «өзен танкерлерінің» құрылысы бойынша келісімшарт бар екенін атап өтті, деп жазды РБК.

Біләл Ердоған өзі кеме операторы емес екендігін айтты. Сондай-ақ ол бауыры Бурак ИМ жеткізген мұнайды тасымалдаумен айналысуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарды.  


Соңғы жаңалықтар