Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды
Көбісі жайнап жүрген әншінің көзінде мұң барын байқамады. Әнші алғаш рет 1 ай бұрын көпшілікке сырын ақтарған еді.
"Қазір 9 жаста. Маған көп адам Instagram желісінде «Үлкен балаңызды неге көрсетпейсіз? Төрт балам бар дейсіз, бірақ біреуі қайда?" — деп жазады. Осы күнге дейін біреуге тіс жарып айтпаппын. Үлкен ұлымыз үлкен сынақпен келді. Алланың сынағы деп қабылдаймыз. Жалпы аурухана мен үйдің арасында жүргенімізге 9 жылдың жүзі болды"- деп жанарына жас толған әке бүгін үлкен ұлымен қош айтысты.
Ердос мырзаның отбасына туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.