Ердос Қанаевтың үлкен ұлы дүниеден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ердос Қанаевтың үлкен ұлы дүниеден өтті

Ердос Қанаевтың үлкен ұлы дүниеден өтті

Ажал мен апат айтып келмейтіні хақ. Бүгін Жігіттер квартетінің белді мүшесі Ердос Қанаевтың үлкен ұлы өмірден өтті.

  • 6 Қаңтар 2020
  • 10884
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды

Көбісі жайнап жүрген әншінің көзінде мұң барын байқамады. Әнші алғаш рет 1 ай бұрын көпшілікке сырын ақтарған еді. 

"Қазір 9 жаста. Маған көп адам Instagram желісінде «Үлкен балаңызды неге көрсетпейсіз? Төрт балам бар дейсіз, бірақ біреуі қайда?" — деп жазады. Осы күнге дейін біреуге тіс жарып айтпаппын. Үлкен ұлымыз үлкен сынақпен келді. Алланың сынағы деп қабылдаймыз. Жалпы аурухана мен үйдің арасында жүргенімізге 9 жылдың жүзі болды"- деп жанарына жас толған әке бүгін үлкен ұлымен қош айтысты. 


Ердос мырзаның отбасына туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. 

Соңғы жаңалықтар