Ерекше экспонат - «Сөйлейтін Құран»! - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерекше экспонат - «Сөйлейтін Құран»!

Ерекше экспонат - «Сөйлейтін Құран»!

Алматыда тамыздың 25-і күні Орталық мұражайда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы және Қасиетті Рамазан айы мен Қазақстанның Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалы құрметіне орай, Құран ілімдерін көпшілікке тарату мақсатында «Ислам мәдениеті мен өнері Иран шеберлері туындыларында» атты көрме ашылады.

  • 18 Тамыз 2011
  • 689
Фото - Caravan.kz

Аталмыш шараның ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық мұражайы мен Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің мәдени өкілдігі.

Көрмеге «нәсталик» жазуымен жазылған сирек қолжазбалар және Қасиетті Құран басылымдары, Құранның шет тілдердегі — ағылшын, француз, неміс тіліндегі аудармалары, сонымен қатар, Құран туралы аудио-бейне дискілер қойылатын болады. Бұнымен қатар, экспонаттар ішінде Иранның Мешхед қаласында сақталып тұрған Годс — е Разави облысы қорынан алынған Қасиетті Құран суреттері қойылатын болады. Көрменің ең ерекше экспонаты — Иран Ислам Республикасында дайындалған «Сөйлейтін Құран» болмақ.

Көрмеге сонымен қатар, Иранның көрнекті шеберлері Парвиз Назари мен Ахмад Мохаммадпураның 60-тан астам жұмыстары қойылады. Олар шара барысында металды жұқалап кесу мен каллиграфия өнері бойынша шеберлік дәрістер өткізеді.

Орталық мұражай Иран өнерінің сұлулығын жақыннан көзайым куәгер болуды және Иранның белгілі шеберлерінің үздік туындыларымен танысуды армандайтын барша қауымды көрмеге шақырады.

Перейти к новостям спорта