Ереванда парламентшілердің қатысуымен парламенттік конференциясы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ереванда парламентшілердің қатысуымен парламенттік конференциясы өтуде

Ереванда парламентшілердің қатысуымен парламенттік конференциясы өтуде

Осы күндері (14 - 16 маусым) Ереван қаласында (Армения) ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің «Неғұрлым әлжуаз балалардың құқығын қамтамасыз ету» тақырыбында өңірлік парламенттік конференциясы өтуде.

  • 15 Маусым 2011
  • 426
Фото - Caravan.kz

Аталған іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі, «Нұр Отан» депутаттық фракциясы Төралқасының мүшесі Майра Айсина қатысты.

Парламенттік конференцияны Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Төрағасы О.Абрамян ашты.

Сербия, Түркменстан, Молдова, Хорватия және ТМД мен Орталық және Шығыс Еуропаның басқа елдерінің конференцияға қатысушы парламентарилері балалардың құқықтарын қорғау саласындағы парламенттік қызметпен байланысты мәселелердің кең ауқымын қарады. Атап айтқанда, бұлар — балалардың құқықтары жөніндегі халықаралық және өңірлік заңнамалар, балалардың ерте жетілуі, ерте жетілу бағдарламасын қаржыландыру, сондай-ақ балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау мәселелері.

Конференция барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.А.Айсина қатысушыларды Қазақстан Республикасы Парламенті мен Үкіметінің Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қызметімен, сондай-ақ, біздің еліміздегі бастапқы балалық шақты инвестициялау мәселелерімен таныстырды. Содан соң балалардың ерте жетілуі және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаумен байланысты мәселелердің кең ауқымы бойынша ТМД мен Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттері парламенттерінің әріптестерімен пікір алмасу болды.

Соңғы жаңалықтар