Жарияланды: 360

Ереванда ТМД аясындағы заңсыз көші-қонмен күрестегі ықпалдастықтың өзекті бағыттары талқыланады

Мәскеу. 4 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Ереванда заңсыз көші-қонмен күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің бірлескен комиссиясының мәжілісі басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осымен тоғызыншы рет бас қосқалы отырған комиссия мүшелері Достастық елдерінің аталмыш бағыттағы өзара іс-қимылдарының өзекті бағыттарын талқылайды. 2004 жылы құрылған бірлескен комиссияның жұмысы Достастық елдерінің заңсыз көші-қонмен күресудегі ынтымақтастықтарын дамытуға бағытталған. Комиссия заңсыз көші-қонға қарсы күрес туралы халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеу жөніндегі ұсыныс-кеңестер дайындайды, аталмыш саладағы ақпараттық алмасуларға қолдау көрсетеді, заңсыз көші-қонның алдын алу жөнінде кеңестер әзірлейді. Комиссияның құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина елдерінің өкілдері кіреді. Бірлескен комиссия жұмысына Әзербайжан Республикасы байқаушы ретінде атсалысады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін