Осымен тоғызыншы рет бас қосқалы отырған комиссия мүшелері Достастық елдерінің аталмыш бағыттағы өзара іс-қимылдарының өзекті бағыттарын талқылайды.
2004 жылы құрылған бірлескен комиссияның жұмысы Достастық елдерінің заңсыз көші-қонмен күресудегі ынтымақтастықтарын дамытуға бағытталған. Комиссия заңсыз көші-қонға қарсы күрес туралы халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеу жөніндегі ұсыныс-кеңестер дайындайды, аталмыш саладағы ақпараттық алмасуларға қолдау көрсетеді, заңсыз көші-қонның алдын алу жөнінде кеңестер әзірлейді.
Комиссияның құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина елдерінің өкілдері кіреді. Бірлескен комиссия жұмысына Әзербайжан Республикасы байқаушы ретінде атсалысады.