Ереванда ҰҚШҰ-ның 2010 жылға дейінгі Коалициялық әскери құрылымын қалыптастыру жоспары шараларының орындалу жайы талқылануда - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ереванда ҰҚШҰ-ның 2010 жылға дейінгі Коалициялық әскери құрылымын қалыптастыру жоспары шараларының орындалу жайы талқылануда

Ереванда ҰҚШҰ-ның 2010 жылға дейінгі Коалициялық әскери құрылымын қалыптастыру жоспары шараларының орындалу жайы талқылануда

Астана. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының 2010 жылға дейінгі Коалициялық әскери құрылымын қалыптастыру жоспарының шараларын орындау жайын бүгін Ереванда осы ұйымға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлерінің кеңесінің отырысында талқылауда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Тамыз 2008
  • 486
Фото - Caravan.kz

«Күн тәртібінде жиырма шақты мәселе бар. Тараптар ҰҚШҰ 2010 жылға дейінгі Коалициялық әскери құрылымын қалыптастыру жоспарының шараларын орындауды және әріқарайғы перспектива, ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының шұғыл және әскери дайындығын жетілдіру мәселелерін талқылайды», — делінген баспасөз баянында.

Отырысқа қатысушылар сондай-ақ, ҰҚШҰ мақсаттық мемлекетаралық бағдарламаларын жасау, қаржыландыру және жүзеге асыру тәртібі жөніндегі ереже жобасын, ұйымның 2008 жылдың ІІ жартысы мен 2009 жылдың І жартысындағы қызметінің негізгі бағыттарын және әскери ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері бойынша сарапшылар кеңестерінің жоспарын қарастырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар