"Күн тәртібінде жиырма шақты мәселе бар. Тараптар ҰҚШҰ 2010 жылға дейінгі Коалициялық әскери құрылымын қалыптастыру жоспарының шараларын орындауды және әріқарайғы перспектива, ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының шұғыл және әскери дайындығын жетілдіру мәселелерін талқылайды", - делінген баспасөз баянында.
Отырысқа қатысушылар сондай-ақ, ҰҚШҰ мақсаттық мемлекетаралық бағдарламаларын жасау, қаржыландыру және жүзеге асыру тәртібі жөніндегі ереже жобасын, ұйымның 2008 жылдың ІІ жартысы мен 2009 жылдың І жартысындағы қызметінің негізгі бағыттарын және әскери ынтымақтастықты жетілдіру мәселелері бойынша сарапшылар кеңестерінің жоспарын қарастырады.