Ережесіз жекпе-жектен қазақ спортшылары АҚШ құрамасымен күш сынасты - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ережесіз жекпе-жектен қазақ спортшылары АҚШ құрамасымен күш сынасты

Ережесіз жекпе-жектен қазақ спортшылары АҚШ құрамасымен күш сынасты

Қазан айының 10-ы күні АҚШ-тың Невада штатында өткен ережесіз жекпе-жекте Ардақ Назаров бастаған қазақ спортшылары АҚШ құрамасынан 2:3 есебімен жеңіліс тапты. Бұл туралы «Аламан» ұлттық электрондық басылымы хабарлады.

  • 14 Қазан 2010
  • 910
Фото - Caravan.kz

Еліміздің атынан бұл сынға Ардақ пен Бейбіт Назаровтар, Қазбек Әшімов, Бегнар Аманбаев, Нариман Мұсаевтар қатысқан еді. Өкінішке орай, Ардақ Назаров жеңіліс тапты. Америка Құрама Штатында өзінің екінші жекпе-жегін өткізген Ардақ жергілікті спортшы Лэнс Випфке жол берді. Төрешілер бір ауыздан америкалықтың жеңісін мойындады. Кездесу нәтижелері: 50-45, 50-45, 50-45. Керісінше, ағасының есесін Бейбіт қайтарды. Қарсыласы Хосе Сальгадоға 1-ші раундта-ақ қылғындыру әдісін қолданған Бейбіт еш қиналмастан жеңісті олжалады. Бегнар Аманбаев та қазақ елінің мерейін үстем етті. Ол қарсыласы Морис Сентерсті небәрі 2 минуттың ішінде есеңгіретіп тастады.

Осы уақытқа дейін 12 кездесу өткізіп, ешкімге жеңілмей келген Қазбек Әшімов 3 раундқа созылған теке-тіресте Кейси Джонсоннан ауыр соққы алып, кездесуді жалғастыра алмады. Ал Нариман Мұсаев болса, Брэндон Хемплеманға ұпай санымен ұтылды. Есеп: 29-28, 28-29, 29-28.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера