Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Күтпеген тосын сыйдың кадрларымен Гүлзира Айдарбекова бөлісті.
"Досы, әріптесі Ерке Есмахан бүгін ұшып келіп, концертте тосын сый жасады. Туған күннің гүлі болып келіп қалған Еркеша, рахмет саған. Қуанып қалдық, шок болдық. Мұхит асып келіп тұрған жүрегіңнен айналдым, аналық тілегім мол. Өнердегі келіп тұрған жалғыз досы. Еркежан жұлдызың жансын! Биіктен көрін!
Бұл жақсылығыңды ұмытпаспыз. Қайрат ешкімнің жақсылығын ұмытқан емес. Енді сен үшін ол Африкаға баруға дайын", — деп жазба қалдырды Қайраттың анасы желідегі парақшасында.
Ерке Есмахан Қайрат Нұртасты барша әріптестерінің атынан құттықтады.
"Қуанышыңды бөлісуге келіп қалдым", — деген ол Қайратпен бірге өзінің репертуарындағы "Аэропорт" әнін орындады.
Желі қолданушыларының бір тобы сыйластығы жарасқан әріптестерге тәнті болса, екінші тобы Еркенің орнына әншінің жұбайы Жұлдызды көргісі келетіндерін жазды.
"Жұлдыз қайда? Күйеуінің туған күнінде Жұлдыз емес, қасында Ерке жүр ғой", — деп жазды оқырманның бірі.
"Жұлдыз келсе де, келмесе де, Ерке келуші еді құттықтап. Жақсы араласамыз, қызымдай болып кеткен.