Ерке Есмахан: Маxаббат жасқа да, нәсілге де қарамайды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерке Есмахан: Маxаббат жасқа да, нәсілге де қарамайды

Ерке Есмахан: Маxаббат жасқа да, нәсілге де қарамайды

Ерке Есмахан шын махаббаттың жасқа да, нәсілге де қарамайтынын айтты.

  • 21 Мамыр 2018
  • 202
Фото - Caravan.kz

Бұл орайда ол Гарри ханзадаға тұрмысқа шыққан Меган Марклдың өзімен тағдырлас екенін атап өтті. Тағдырлас болуының себебі – Меган Маркл да бұрын Ерке сияқты некеде болған, деп хабарлайды Caravan.kz.

“Бүгін Англияда корольдер отбасында дүбірлі той! Кенже ұлдары Гарри принц Меган Марклге үйленіп жатыр.

Маxаббат жасқа, нәсілге қарамайды. Меган 36-да, шешесі қара нәсілден, бұрын тұрмыста болған екен. Ал Гарри баламыз принц, жасы 33-те. Шын ғашық болған принц ештеңеге қарамай үйленіп жатыр деватр жұрттар! Намёк қалай кетті? (автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған)

30-дан асып, бұрын тұрмыста болып та жаңа өмір бастауға, тіпті принцке тұрмысқа шығуға болады екен. Міне, Меганның алғашқы некесі сәтсіз болды, бірақ пешенесіне король отбасына келін болу жазылыпты. Тойында дүние жүзінің ең мықтылары, өнер, спорт, кино әлемінің қаймақтары жүр. Алла тағала нағыз бақытты ештеңеге қарамай бұйыра береді екен!

Так что, қыздар, мұңаймаңыздар! Өмір алда! Ертең-ақ қазақтың қайсар мінезді бір принцінің келіншегі болып отырасыздар! Рамазан айында бізде той жоқ. Мені тойсыз қалмасын деді ма екен, Елизавета-ІІ королева әпшем дайректке xат жазған: “Ерке, келіп, 1-2 ән айтып кетші” – деп, бірақ бара алмадым. Шаруам көп! Ол жақта еще тек жанды дауыста ән айту керек қой деп өзіңе сенімсіз боп қалсаң! Бақыт тіледім!” (автордың орфографиясы мен пунктуациясы сақталған) – деп жазды Ерке өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетейік, күні кеше Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ-нің немересі Гарри ханзада мен актриса Меган Марклдың некелесу салтанаты өтті.


Оқи отырыңыз:

Қан қызыл түске боялған Алматы өзенінің суы жұртты шошытты 

Америкадан екі астронавт әйел Байқоңырға келді
 

 

Соңғы жаңалықтар